Ауғанстанда тәліптер көлікте музыка тыңдауға тыйым салды

Бұл елде тәліптер жүргізушілерге көлікте музыка қосып, әйелдерді хиджабсыз алып жүруге тыйым салды, деп хабарлайды Хабар 24.

Нәзік жандардың алыс жолға жалғыз шығуына да шектеу енгізді. Әйелдер сапарға аттанса, қасында жақын туысы болуы міндетті. Бұдан бөлек дүкендер мен бизнес-орталықтарында әйелдердің суреттерін алып тастау бұйырылды. Сән салондарының иелері бұл олардың кәсібіне нұқсан келтіреді деп шағымданып жатыр.

Еске сала кетейік, «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым)  радикалды қозғалысы Ауғанстанда билікті басып алғалы әйелдердің құқықтарын шектеп тастады.