АҚШ-та акула адамға шабуыл жасап, мерт қылды

АҚШ-тағы Калифорния штатында бір сёрферге акула шабуыл жасап, көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға Морро-Бэй қаласына жақын жердегі жағажайда болды. Ер адам жыртқыштан құтылып, жағаға жеткенмен қансырап көз жұмған сияқты. Дәрігерлер оқиға орынына келгенде, оның жан тапсырғанын байқаған. Оқиғадан кейін демалушыларға бір күн бойы суға түспеуге кеңес берілген. Жалпы акуланың адамдарға шабуылы сирек кездеседі. Желтоқсан айында Австралияда екі жеткіншек жыртқышты байқап қойып, дереу жағаға шығып аман қалған болатын.