Англияда қарулы күдікті Елизавета ІІ патшайымның қамалына кірмек болды

Қару ұстаған адам патшайым қатысқан Рождество мерекесінің шырқын бұза жаздады, деп хабарлайды Хабар 24.

Күдікті Лондонда патшайым жүрген Виндзор қамалына кірмек болған. Бірақ күзетшілер байқап қалып, ұстаған. Әзірге оның қамалға қандай қарумен және қандай пиғылмен кірмек болғаны белгісіз.

Кей баслылымдардың жазуынша, 19 жастағы жігіттің қолындағысы арбалет екен. Айта кетейік, патшайымның иелігіне кіруге талпынғандар, бұған дейін де болған. Бірақ қырағы күзет ешқайсын ішке өткізбеген.