Испаниядағы Канар аралдарында жанартау атқылауын тоқтатты 

Канар аралдарының билігі Кумбра-Вьеха жанартауы атқылауын тоқтатқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған ғалымдардың ұйғарымы түрткі болған. Мамандар кейінгі 10 күнде оған дейін атқылаған отты таудың саябыр тапқанын айтады.  Ла-Пальма аралындағы жанартаудың атқылауы 19 желтоқсанда басталған еді. Биіктен төмен құлдилаған лава 1 мың 300-ден астам үй мен өңірдегі инфрақұрылымның тас-талқанын шығарды. 1 миллиард доллар шығын келген. Осы кезде 4 елді мекеннен, 6 мыңға жуық тұрғын, шұғыл эвакуацияланды. Осының арқасында табиғат апатынан, ешкім зардап шекпеген.

Хулио Перес, Канар аралдарының қауіпсіздік қызметі басшысы:

– Жанартаудың атқылауы желтоқсанның 13 күні тоқтаған еді. Бірақ біз ғылыми комитет оттың саябыр тапқанына нақты көз жеткізіп, растаған соң ғана оны тоқтады деп ресми жария еттік. Қазір тауда лава да, шығып жатқан газ да жоқ. Дүмпу де байқалмайды.

Сондай-ақ...