Рождество мерекесі қарсаңында қауіпті індет дендеп барады

Рождество қарсаңында Ұлыбританияда, Францияда және Италияда COVID инфекциясы туралы деректер күн санап артып отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәселен, Ұлыбританияда covid -19 вирусын жұқтырған 122 186 адам анықталса, Францияда – 94 124, Италияда – 50 599 жағдай тіркелген.