Жапонияда жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

Жапонияда жүзден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

Жапонияда қалың қар жауып, теңізге жақын аймақтарда 100-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді.

Ниигата префектурасында ақ ұлпаның биіктігі 1 метрге дейін жеткен. Салдарынан коммуналдық қызмет жолдарды тазалап үлгермей кептеліс көбейді. Кей аудандарда сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жел соқты. Синоптиктер қолайсыз ауа райы алдағы уақытта күшейіп, кей аудандарда қар көшкіні жүріп, көлік қатынасы тұралауы мүмкін деп отыр. Сонымен қатар электр энергиясымен қамтамасыз етуде қиындық туындайтыны ескертілген. Мамандар тұрғындарды көшеде барынша абай болып, көлікпен сапарға шықпауға шақырды.