Тайвань – ақыры үйге қайтып келетін жолаушы

«Тайвань – ақырында үйге оралатын жолаушы».

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И осы аптада өткен симпозиумде осылай деді.

Саясаткердің айтуынша, Тайвань бұғазында шиеленістің жаңа айналымы Тайбэй әкімшілігінің АҚШ көмегімен тәуелсіздікке жетуге әрекеттенуіне байланысты.

Естеріңізге салайық, Бейжің сыртқы саясатында «бір Қытай» ұстанымын қолданады. Бұған сәйкес, Тайвань осы елдің ажырамайтын бөлігі болып табылады. Аталған деректі 181 мемлекет қолдайды, олардың ішінде Қазақстан да бар. Оны таныған соңғы ел Никарагуа, онымен дипломатиялық қатынастар осы айда қайтадан орнатылды. Симпозиум алдында Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің өкілі Тайвань төңірегінде бұрыннан орын алып келген жағдайды күшпен өзгертуге жол бермейтінін және «Бейжіңнің тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекеттерге» жауап қайтаратынын айтты. АҚШ 1979 жылы аралмен дипломатиялық қатынастарды үзді, бірақ әлі де Тайбэймен байланыстарды сақтап, оны қарумен қамтамасыз етеді. Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі АҚШ-пен және басқа да кейбір елдер тайваньдік мәселені пайдаланып, Қытайды тежеу әрекетінен бас тартулары керегін ескертті.

Ван И, ҚХР Сыртқы істер министрі:

- Қытай Никарагуамен 10 күн бұрын дипломатиялық қатынастарды қайтадан орнатты. Қазіргі кезде бізбен дипломатиялық қатынастарды орнатқан елдердің саны 181-ге жетті. Осылайша «бір Қытай» ұстанымы халықаралық қауымдастық арасында одан әрі нығайтылды. Тайвань басқа елдер пайдасына асыратын шахмат тасы емес, ал ақырында үйге оралатын жолаушы. Қытай міндетті түрде қайта қосылады.