Бразилияда алапат тасқыннан қалалар суға кетті

Бразилияның солтүстік-шығысында алапат тасқын екі бөгетті бұзып кетті.

Толассыз жауған жауыннан өзендер тасып, аймақта жалпы 67 қала мен бірталай елдімекенге су жайылды. Көпірлер, жолдар мен үйлер қирап, 400 мың тұрғын зардап шекті. Баспанасыз қалған халық билік тарапынан эвакуациялау және зәру заттармен қамтамасыз ету бойынша тиісті көмек көрсетілмей жатқанын айтады. Абырой болғанда, әзірге құрбан болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Метерологар өңірде әдеттегіден 6 есе көп жауын-шашын түскенін хабарлады.