Италияда бала туу деңгейі едәуір төмендеп кеткен

 Италияда бала туу көрсеткіші төмендеп барады.

Рим папасы да алаңдап, мұны үлкен қасірет деп атады. Оның айтуынша қазір Италияда жас отбасылар тек 1 баламен шектеледі. Кішкентайлы болуды қаламайтындар тіптен көп. Ресми дерекке қарағанда, Апеннин түбегінде былтыр тек 400 мың сәби дүниеге келіп, халықтың табиғи өсімі едәуір азайған. Ғалымдар бала тууға бір есептен коронавирустың кедергі жасағанын айтады.