Тәліптер әйелдерге қатысты жаңа тыйым енгізді

Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі көлік иелеріне ер адамсыз жүрген әйелдерді тасымалдауға болмайды деген нұсқау берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Аljazeera.com сілтеме жасап.

«72 км-ден астам қашықтықта жүрген әйелдерге жақын отбасы мүшелері еріп жүрмесе, олар көлікке мінбейді», - деді министрлік өкілі Садек Акиф.

Талибан сонымен қатар барлық көлік иелерін хиджаб таққан әйелдерге ғана қызмет көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар қоғамдық көліктерде музыка қосуға тыйым салынды.