Covid-19: Францияда антирекорд тіркелді

Францияда тәулігіне коронавирустың 100 мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Хабар 24. Францияның санитариялық билігі елде күніне 105 мыңға жуық инфекция жағдайын тіркеді, бұл пандемия басталғаннан бері антирекордқа айналды. Covid-19 таралуының рекордтық қарқыны бірнеше күн қатарынан байқалды.

Коронавирустың жаңа шектеулері Солтүстік Ирландия, Уэльс және Шотландияда күшіне енді. Біріккен Корольдіктің үш әкімшілік-саяси бөлімінің билігі түнгі клубтардың жұмысына тыйым салып, бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін едәуір қатаңдату туралы шешім қабылдады.

Әлемдегі авиакомпаниялар рождестволық мерекелер кезінде шамамен 5,7 мың рейсті тоқтатты. АҚШ-та тасымалдаушылар Рождество қарсаңында, Рождествода және мерекеден кейінгі күні рейстер санын 1,7 мыңға қысқартты. Бұл шектеулер ел ішіндегі рейстерге де, халықаралық бағыттарға да қатысты.