Қытай ғарышкерлері ашық кеңістікте алты сағат болды

Қытайдың екі ғарышкері ашық кеңістікке шықты. Олар онда 6 сағат болған. Бұл туралы сол елдің Ғарыш бағдарламасы жөніндегі басқарма өкілдері хабарлады.

Мамандар ашық кеңістікте жүріп, жасалып жатқан орбиталды станцияның сыртқы жүйелерін ісе қосу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген. Оларға қашықтан әйел-ғарышкер нұсқау беріп көмектескен. Бұл Қытай ғарышкерлерінің ашық кеңістікке екінші рет сәтті шығуы.