Чехияда жүздеген адам мұздай суға шомылды

Чехия астанасы Прагада жүздеген адам Влтава өзенінің мұздай суына сүңгіді, деп хабарлайды Хабар 24.

Дәстүрлі жарысқа АҚШ пен Англиядан да шыныққан шымырлар келді. Олар 100, 300 және 750 метрге жүзіп, күш сынасты. Қатысушылар биыл күннің аса суық болғанын айтады. Температура бағаны 6 градусқа дейін төмендеген. Мұндай суық ауа райы бұл жерде ешқашан тіркелмепті.