435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австралияда орман өрті ырық бермей жатыр

  • 83
  • UPD: 20:21, 27.12.2021
Австралияда орман өрті ырық бермей жатыр

Австралияның батысындағы алапат орман өртімен елдегі құтқарушылар әлі де алысуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Дегенмен ел билігі екі от ошағын бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қалғандарымен құтқарушылар әлі де арпалысып жатыр. Қазір Австралияда күн өте ыстық. Ауа температурасы 38 градустан асады. Соның кесірінен жаңа өрт ошақтары тіркеліп жатқан көрінеді.

Айта кетейік, тілсіз жау осы уақытқа дейін жүздеген гектар жер мен үйді жалмап үлгерген. Естеріңізде болса, аймақтағы орман өрті  осыдан екі апта бұрын басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы