Израиль – коронавирусқа қарсы төртінші екпені бастаған алғашқы ел

Алайда Израиль билігі індеттің жаңа толқынымен күресіп жатқан кезде елде кәдімгі тұмауды жұқтыру көрсеткіші жиілеп кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Соның салдарынан ауруханаларға науқастар көптеп тсүуде. Қазір Израиль бірдей екі жұқпалы дертпен күресіп келеді. Ковидке маусымдық тұмау қосылып, ауруханалар бірден толып кетті. Коронавирусты емдейтін бөлімдер ашылған ауруханаларда тұмаумен ауырған науқастарға орын жетіспей жатыр. Осыған қатысты үкімет санитарлық шаралады күшейтті.

Нахман Эш, денсаулық сақтау министрлігі жанындағы сараптама кеңесінің жетекшісі:

– Екі жыл бойы айтып жүрген маска тағу тәртібін халықтың түгелі орындап жатқан жоқ. Үкіметтен қоғамдық орында бетперде тақпағаны үшін айыппұл мен жазаны күшейтуді сұрадық. Осыған дейін болған тұмаудың өршуін осының арқасында еңсерген едік. Жасыл төлқұжаттарды тексеруді күшейтіп, бұрынғы шектеулерді енгізетін кез келді.

Енді сауда орталығына кіру үшін жасыл төлқұжат көрсету керек. Дүкенге кіретін әр адамға 15 шаршы метр аумақ бөліну қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуге ауысты, бұқаралық шаралар өткізуге шектеу салынды. Ал ең бастысы Израиль әлемде алғаш боп, өз азамтарына төртінші екпе салдыра бастады.

Негізі үш екпе жетпейтіні маған ұнамайды. Алайда жасым алпыстан асқандықтан, вирусты жұқтырып алмау үшін тағы екпе алуға дайынмын.

 Сарапшылардың пікіріне сену керек деп санаймын. Төртінші екпе салу қажет десе, оны жасаймын. 

Қазіргі кезде 60 жастан асқан, онкологиялық ауруларға шалдыққан, трансплантация жасаған адамдар мен денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлеріне төртінші екпе салу шешілді. Қалғандары өз еркімен вакцина сала алады. Шетелдіктер үшін шекара жабық. Ал Израиль тұрғындарына баруға тыйым салынған «қызыл» елдері тізімі едәуір кеңейтілді. Оған еуропалық мемлекеттердің дені, АҚШ пен Канада кірген.

Авторы: Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...