Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Бразилиядағы тасқыннан қайтыс болғандар саны 20 адамға жетті. 15 миллион тұрғыны бар аймақ басшысы бұл штат тарихында бұрын-соңды болмаған табиғи апат екенін айтты.

Алапат тасқын өңірдегі барлық 72 ауданның аумағын бірдей қамтыды. Құтқарушылар күн-түн демей, дамылсыз жұмыс істеуде. Олар соңғы бір күн ішінде 200 адамды аман алып қалған. Бұған дейін 2 үлкен бөгет бұзылған еді. Мамандар тағы 10 бөгетті бақылап отыр.

Манфредо Сантана, құтқарушы:

- Бірнеше күн толассыз құйған жаңбыр салдарынан аймақтағы өзендер арнасынан тасыды. Сарылдап аққан судың екпіні өте қатты. Құрбандар саны әлі де өсуі мұмкін. Себебі адам өмірі үшін қауіп-қатер өте жоғары.