Техаста атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Даллас қаласында атыстан 3 адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Қайғылы оқиға жанармай құю бекетінің шағын маркетінде болған.

Полицияның хабарлауынша, қаскүнем дүкенге кіріп, бейберекет оқ жаудырған соң жүк көлігіне отырып, табанын жалтыратқан. Туыстары құрбандардың кездейсоқ ажал құшқанын айтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсе алмай отырғанын мәлімдеді.

Педро Барино, полиция департаментінің өкілі:

- Бұл тонауға ұқсамайды. Күдікті осылай оқ жаудыруға бұрыннан бекінген сияқты. Біз атысқа байланысты қандай да бір ақпарат алуға тырысып жатырмыз. Әзірге нәтижесіз.