Чилиде алапат өрт кезінде 12 гектар жер өртеніп кетті

Чилидің оңтүстігінде алапат өрт болып жатыр. Тілсіз жау қазірдің өзінде 12 мыңнан астам гектар жерді жалмап үлгерген. Ньюбле аймағында бірнеше үй күлге айналды.

Баспанасыз қалған тұрғындар қауіпсіз жаққа көшіріліп, уақытша паналау орталықтарына орналастырылып жатыр. Полиция 4 ұшақ пен 5 тікұшақ жұмылдырды. Ішкі істер министрлігі жалпы ел аумағында 54 өрт ошағы анықталғанын, әзірге тек 35-і ғана сөндірілгенін айтады.    

Хуан Эстрада, жергілікті тұрғын:

- Өрттен аман қалғаны тек үстімдегі киімдерім ғана. Үйім әп-сәтте өртеніп, күлге айналды. Көршілерімнің де үйлері жойылды. Өзім аман қалғаныма шүкір деп тұрмын.