Қытайда суретші қысқы Олимпиадаға орай қағаз қиындыларын жасады

Қытай суретшісі Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына арнап қағаз қиындыларының топтамасын жасады.

Негізі Гао Дяньлян дәстүрлі қытай өнерімен 6 жасынан айналысады екен. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына бірнеше жұмысын арнаған. Бұл жолы суретшінің топтамасында 200-ден астам туынды бар. Дүбірлі доданың ұйымдастыру комитетінің сұрауы бойынша, ол ресми сыйлық ретінде ойындардың эмблемаларын да жасаған.

Айта кеткен жөн, Қытайда қағаздан қиынды жасау өнері цзяньчжи деп аталады. Мұндай оюлар әдетте үйді безендіру үшін қолданылады.