АҚШ-та бораннан мыңдаған адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың батысында  болған бораннан электр желілері үзіліп, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.

Калифорния штатында түскен қардың қалыңдығы 76 сантиметрден асты. Невада штатында күре жолдың 112 шақырымын қар басып, жабылып қалған. Соңғы рет мұндай боран аймақта 1970 жылы болған екен. Мамандардың айтуынша, қысқы қолайсыздыққа Арктика жақтан соққан суық ауа ағыны себеп болған. Төтенше жағдайға байланысты бірнеше елді мекенде жылынатын орталықтар ашылды.  

Кейт Хаг, төтенше жағдай қызметкері:

- Бұл бірнеше күн соғып басыла салатын қысқа мерзімді боран емес. Әлі біразға созылуы мүмкін. Сондықтан жолға шыққанда абайлаңыздар. Барлық жерде көмек беру орталықтары құрылып жатыр.