Үндістанда омикрон штамы өршіп барады

Бірақ бұған қарамастан вакциналау деңгейі өте төмен.

Қазір онда халықтың тек 41 проценті ғана толық вакцина салдырған. Ал 60 проценттен астамы бірінші дозаны қабылдаған. Бірақ олар екінші компонентті алуға асығар емес. Осыған ел үкіметі қатты алаңдаулы. Әсіресе ауылдық жердің тұрғындары екпе салдыруға аса құлықты болмай отыр. Сарапшылар вакциналау қарқынын арттыру үшін дәрігерлер препаратты үй аралап жүріп салу керек деп есептейді.

Чандракант Лахариа, медицина сарапшысы:

- Вакцинаның бірінші дозасын салдырып, екіншіне асықпай отырғандардың үлесі өте жоғары. Олар вакциналау орталықтарына неге бармай жүр? Үкімет оның себебін жан-жақты зерттеп, нақты қадамдарға баруы тиіс. Әйтпесе індет өршіп тұрған қазіргі шақта эпидахуал ушығып, дерт ие бермей кетуі мүмкін.

Сондай-ақ...