Кабулда нәзік жандыларға билік тарапынан оқ атылды

Кабулда ауған әйелдері тағы да шеруге шықты.

Нәзік жандылардың талабы бір – құқықтарының сақталуы мен өмір сүру жағдайының жақсаруы. Бірақ билік басына келген тәліптер белсенділерге қарсы оқ атыпты. Бұл туралы Ауғанстандағы Асвака агенттігі хабарлады. Әзірге одан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейін, жуырда бұл елде әйелдердің көшеде жалғыз жүруіне тыйым салынған еді. Қыз-келіншектер міндетті түрде өздерінің жұбайымен немесе туған-туыстарымен бірге жүруі керек.  

Сондай-ақ...