434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Чилиде алапат өрт 12 мың гектар орманды шарпыды

  • 65
  • UPD: 18:02, 28.12.2021
Чилиде алапат өрт 12 мың гектар орманды шарпыды

Чилидің оңтүстігін алапат өрт шарпып жатыр. Осы уақытқа дейін тілсіз жау 12 мыңнан астам гектар жерді жалмап үлгерген.

Мамандардың айтуынша, аймақта ондаған өрт ошағы тіркелген. Ең ірісі Нубле ауданындағы бірнеше үйді күлге айналдырыпты.

Айта кетейік, қазір Чилиде аптап ыстық. Және сынап бағанасы алдағы күндері тағы да көтерілуі мүмкін. Жергілікті синоптиктер осындай болжам жасап отыр.   

Хабар 24 телеарнасы