Оңтүстік Африкада жерлеу агенттіктері вакцина салдыруға шақыруда

Өзге елдерде тұрғындарды екпе салдыруға билік өкілдері мен дәрігерлер шақырып жатса, Оңтүстік Африка Республикасында бұл іске жерлеу агенттіктері кіріскен.

Олар коронавирустан күн сайын көп адам көз жұматынын айтады.

Вуйо Мабиндиса, жерлеу бюросының иесі:

– Өткен аптада коронавирустан бір отбасының мүшесі көз жұмған. Жақында дәл осы үйдің тағы бір адамын жерледік. 3 күннен кейін солардың тағы бір туысы ажал құшқаны белгілі болды.

ВАКЦИНА САЛДЫРУ ҮШІН ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН

Омикроннан қорғану үшін әлем елдері шектеу шараларын күшейтіп, вакциналау қарқынын үдетті. Көп елде тұрғындар қайтадан екпе салдыруға кіріскен. Хорватия мен АҚШ-та вакциналау орталықтарының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Ал Оңтүстік Африка Республикасында халықты екпе салдыруға дәрігерлер емес, жерлеу агенттіктері шақырып жатыр.

Бұл Хорватия астанасындағы вакциналау орталығы алдындағы ұзын-сонар кезек. Омикроннан қорыққан жұрттың екпе салдыруға деген құлшыныс зор. Кезекте тұрғандар қатарында жергілікті тұрғындармен қоса шетелдіктер де көп. Өйткені қазір Хорватия «вакцина туризмінің» ең танымал бағыттарының бірі саналады. Екпе қабылдау үшін сырттан келгендер арасында ресейліктер мен британдықтар жетерлік.    

ВАКЦИНАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР КӨП 

АҚШ-тың Флорида штатында да вакциналау қарқын алды. Екпе орталықтарының алдында кезек күткендер көп. Өткен аптада өңірде эпидахуал күрт нашарлап кеткен. Екінші күн қатарынан тәуліктік өсім 30 мыңнан төмен түспей тұр.

СИАНЬ ҚАЛАСЫ КАРАНТИН ҚҰРСАУЫНДА ТҰР

Ал Қытайдың Сиань қаласында тұрғындардың бірі қалмай, қайтадан ПТР-тестілеуден өтіп жатыр. Өйткені шаһарда күн сайын вирус жұқтырудың жүзден аса дерегі тіркеледі. 13 миллион халқы бар шаһар 23 желтоқсаннан бері карантинге жабылған. Тұрғындар екі күнде бір рет дүкенге ғана шыға алады. Қалаға пойыз қатынамайды, ұшақ ұшпайды.  

ВИРУС КЕСІРІНЕН ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ТОҚТАДЫ

Ұшақ демекші, АҚШ-та мыңға жуық рейс ұшпай қалды. Өйткені қар көп жауған. Сапарлардың кейінге шегерілуінің тағы бір себебі - коронавирус. Әуе компанияларында індет жұқтырған қызметкерлер көп. Салдарынан мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмай, әлекке түскен. 

Сондай-ақ...