434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Америка вакцина алғандар саны жағынан үздіктер қатарында

  • 79
  • UPD: 09:43, 29.12.2021
Оңтүстік Америка вакцина алғандар саны жағынан үздіктер қатарында

Індет басталғалы ұзақ уақыт бойы вирус ошағы саналып келген Оңтүстік Америка вакцина алудан әлемдегі үздік құрлық атанды, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы уақытқа дейін ересек адамдардың 63 процентке жуығы екпе салдырған. Our World in Data жобасы осындай дерек келтірді. Екінші орында 60,4 процентпен – Еуропа. Ал Африкада бүгінге дейін жергілікті халықтың 8,6 проценті ғана вакцина қабылдапты.

Айта кету керек, жыл басында Латын Америкасындағы ахуал өте күрделі болатын. Тіпті вирус құрбандарын дер кезінде жерлеп үлгере алмай жатты. Бразилия мен Аргентинада өлім-жітім деректері рекордтық деңгейге жетті.

Хабар 24 телеарнасы