Үндістанда дәрігерлер шеруге шықты

Нью-Делиде медицина саласының жүздеген қызметкері ел билігіне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар үкіметтен жас мамандар дайындау бағдарламасын жетелдетуді талап еткен. Өйткені коронавирус пайда болғалы ауруханаларда кадр тапшылығы қатты сезілген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабаралауынша, қазір елде 45 мың медицина қызметкері жетіспейді. Ереуілшілер жағдай оңалмаса, жұмыстан кетеміз деп бекініп отыр. Қазір үнді астанасында омикронның таралуына байланысты коменданттық сағат енгізілген.

Атул Саини, ереуілші:

– Covid-19 қайтадан өршіп жатыр. Тіпті алдағы 2 айда үшінші толқын жариялануы мүмкін. Бізге пандемиямен күресуге көп дәрігер керек. Сонда ғана ісіміз оңға басады.