АҚШ азаматтарына тағы төрт елге саяхаттамауға кеңес берілді

Мамандар қауіпті елдер қатарына тағы төрт мемлекетті қосты, деп хабарлайды Хабар 24.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы індеттің өршуінен Мальта, Молдова, Швеция және Аргентинаға саяхаттау қауіпті деп отыр. Оларды вирус өршіген елдердің тізіміне қосты. Бұл мемлекеттердегі коронавирустан төнген қатер төртінші деңгейлі дәрежеге жатқызылып, америкалық азаматтарға сапарға бармауға кеңес берілген.