434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израиль Латакия портын зымыранмен атты

  • 100
  • UPD: 09:51, 29.12.2021
Израиль Латакия портын зымыранмен атты

Израиль Сирияның Латакия портын зымырандармен атқылап, салдарынан бірнеше жүк контейнері отқа оранды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Шабуылдан материалдық шығын келген. Сирия әскерилері зымырандарды атып түсіру үшін әрекет етпеген. Өйткені сол сәтте портқа жақын Ресейдің Хмеймим әуе базасына әскери ұшақ қонып келе жатқан әуе көлігінің нысанаға ілініп кету қауіпі жоғары болғандықтан ешқандай шара қолға алынбаған.

Айта кетейік, Израиль Латакия портын осы айдың бас кезінде де атқылаған болатын. Ол кезде де зымырандар портқа түсіп, бірнеше контейнер отқа оранған еді.

Хабар 24 телеарнасы