Чилиде тілсіз жау 28 мың гектарды шарпыған

Чилидің оңтүстігінде орман өртімен күрес жалғасуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша жалын 28 мың гектар аумақты жалмаған. Жақында бір топ өрт сөндіруші тілсіз жаудың қоршауында қалып, бірнеше сағаттан кейін ғана отты шеңберді бұзып шықты. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Аймақта орнаған ыстық әрі құрғақ ауа райының беті жақын күндері қайтпақ емес.