Германияда омикрон штамы жеті мыңнан аса адамнан анықталған

Омикрон штамы елдің 16 аймағында түгел тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ресми дерекке қарағанда мемлекетте коронавирустың бұл түрі 7 мыңнан астам адамнан анықталып, дертке шалдыққандардың 10 процентін құрады. Осыған байланысты дәрігерлер мереке кезінде қарым-қатынасты шектеп, үшінші доза салдыруға шақырып жатыр. Қазірге дейін бустерді 30 миллион тұрғын алған.

– Мен медицина саласында қызмет етемін. Ковид қаншалықты қатерлі екенін білемін. Сондықтан вакциналауды міндетті етуді қолдаймын.

– Алда коронавирустың тағы қандай мутацияға ұшырайтынын ешкім білмейді. Жаңа штамдар пайда болып жатыр. Індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцина. Өзіңіз үшін ғана емес өзгелерді де қорғау үшін екпе салдыру қажет.