Уэльсте тиін 18 адамды тістеп алды

Уэльсте тиін 18 адамды тістеп алды
Daily Mail

Уэльсте құтырған тиін 18 адамды тістеп алды. Шабуылдар өткен аптада басталған – алдымен тиін жануарларымен серуендеп жүрген зейнеткерлер тістап алған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Зардап шеккендердің барлығы құтыруға қарсы екпе салдырып, ал билік жануарды аулауға бұйрық берген еді. Нәтижесінде тиінді 65 жастағы жергілікті зейнеткер ұстап алып, оны ветеринарларға тапсырған.

«Тиін қоқыс тастауға шыққан адамдарға шабуылдап, оларға ауыр жарақат келтірген», – дейді кейуана.