Әлемдегі «ақылды» қалалар аталды: олар несімен ерекше

«Ақылды» қалалар ақпараттық технологияларды қолдану арқылы инфрақұрылым мен қызметтерді тиімді көрсетуімен ерекшеленеді.

Әлем бойынша қай қалалар бұл тізімге енді?

Сингапур. Мұнда «ақылды» қалаларға тән барлық бағыт бар. Мысалы, жүргізушісіз автобустар, таксилер және басқа да қоғамдық көліктер көп, яғни кептеліс бола бермейді. CODEX цифрлық платформасы – бұл қарапайым мемлекеттік қызметтер нұсқасы, ал MyResponder қосымшасының арқасында ерікті дәрігерлер басқаларға көмек көрсете алады.

Амстердам. Мұндағы жобалардың бірі - Amsterdam Sharing City. Бұл энергияны, ақшаны, кеңістікті пайдалануды оңтайландыруға мүмкіндік береді және сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік бірлігін күшейтеді. Тағы бір танымал жоба - City-zen. Оның арқасында тұрғын үйлер үшін орталықтандырылған салқындату жүйесі құрылады.

Сан-Франциско. Қалада автотұрақтарды басқарудың электронды жүйесі – SFpark бар. Сіз оны смартфонмен басқара аласыз. Сонымен қатар барлық ғимаратта аумақтың 15 проценті күн панельдеріне қосылған.

Ақпарат көзі: ferra.ru