Украинада құны 40 млн доллар жаңа «Ан-178» ұшағы таныстырылды

Украинадағы «Антонов» кәсіпорыны «АН-178» деп аталған жаңа әскери-тасымалдаушы ұшағын көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Көпмақсатты әуе көлігі ұшу сынақтарын өткізуге арналған. Ұшақ 12 шақырым жерге дейін көтеріліп, 5 мың 500 шақырым жерге дейін ұша алады. Сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұшатын әуе көлігі 18 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қауқарлы. Бір ұшақтың құны 40 миллион доллар. Кәсіпорын Украина қарулы күштеріне 3 әуе көлігін жеткізу туралы келісімге келген.