Израильде құс тұмауынан сақтану мақсатында мыңдаған тауық жойылды

Израильдің солтүстігінде құс тұмауын жұқтыру қаупі бар 300 мыңнан аса тауық пен күркетауықтың көзін құртты, деп хабарлайды Хабар 24.

Індет Хула өзеніне ұшып келген тырналардан тараған. Вирустан 5 мыңнан аса тырна қырылып қалған. Әзірге құстардың тұмауды қайдан жұқтырғаны белгісіз. Індет тараған аудандарда жұмыртқа сату тоқтатылған.

Айта кетейік, жыл сайын 500 мыңға жуық тырна Африкаға қоныстану үшін жолда Израильді үстінен ұшып өтеді. Олардың бір бөлігі Хула көлін маңын мекендеп қалады екен.