435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Индонезия халқы қоқысты күрішке айырбастап күнелтіп отыр

  • 79
  • UPD: 14:07, 29.12.2021
Индонезия халқы қоқысты күрішке айырбастап күнелтіп отыр

Индонезияның Бали аралында пандемия кезінде күнкөрістің жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Коронавирус таралған 2 жылда туризм саласы құрдымға кетіп, тұрғындардың табысы азайды және азық-түлік бағасы аспандады. Осы қиын кезеңде Балиде пластик айырбастау ұйымы құрылып, шөлмек, сөмке және басқа да қоқыс заттарын әкелген адамдарға күріш беріле бастады. 4 келі пластикке 1 келі күріш айырбасталады. Әрі қарай жинаушы топ қалдықты қайта өңдеу компаниясына өткізеді. Бұл елде халық күрішті көп тұтынады. Орта есеппен алғанда 4 адамнан тұратын бір отбасы күніне 2 келі күріш жеуі мүмкін. Жалпы Индонезия – әлемде мұхиттарға ең көп пластик зат тастайтын екінші үлкен ел.

Джанур Йаса, Бали пластик айырбастау ұйымының негізін қалаушы:

– Елге ковид келгелі, экономика тығырыққа тірелді. Күнкөрісі қиындаған қарапайым халық бір түйір күрішке зар болып қалды. Біз қазір 200 ауылдан пластик қабылдап отырмыз. Осы сәтке дейін 600 тоннадай қалдық зат жинаған екенбіз. Яғни осы жоба арқылы бір жылда 40 мың отбасы өзін азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Хабар 24 телеарнасы