АҚШ-тың хайуанаттар бағына қос шөнжік қосылды  

АҚШ-тың Даллас қаласындағы хайуанаттар бағында үлкен қуаныш болды. Екі бірдей шөнжік дүниеге келді, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұнда жалпы әлем бойынша тұқымы жойылып бара жатқан Суматра жолбарысы 2 бірдей шөнжікті дүниеге әкелді. Еркегінің салмағы 1 келі 100 грамм, ал ұрғашысы бұдан сәл кішірек. Қызметкерлер жас жолбарыстарды қолдан азықтандырып әлек. Өйткені енесінің сүті екеуіне молынан жетпейді. Мамандар шөнжіктердің жай-күйі жақсы, жылдам өсіп келеді дейді.