АҚШ-та қардың қалыңдығы бес метрге жетті

АҚШ-тың Калифорния штатының аумағындағы Тахо көлінің маңына қалың қар түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақ ұлпаның қалыңдығы 4 жарым метрден асады, тіпті кейбір жерде 5 метрге жеткен. Мамандар мұндай қар соңғы 40 жылда алғаш рет түсті дейді. Коммуналдық қызмет өкілдері күреп үлгере алмай жатыр. Метеоролгтар қолайсыз ауа райы әлі де жалғасады деп ескертті. Штаттың солтүстік және орталық бөлігінде боран соғуы мүмкін. Сондықтан билік ұзақ жолға шықпауға кеңес беруде.