Қыз-келіншектерді мақтау: Мәскеуде ерекше вакансия ашылды

HeadHunter сайтында ерекше вакансия пайда болды.

Мәскеудегі зергерлік дүкен желісіне «мадақтаушы» керек. Бутикті аралап жүріп, келген тұтынушыларды мақтайсыз. Әрқашан жақсы көңіл-күймен, ұқыпты киіммен жүруге міндеттеледі.

«Тек нәзік жандыларды мақтау керек», - делінген хабарландыру сипаттамасында.

Жұмыс беруші тәжірибесі жоқ үміткерлерді де қарауға дайын. Ұсынылған жалақы айына 80-нен 150 мың рубльге дейін. Қызметкерге шетелдік курортта демалыс, фитнес-орталыққа жазылу, психолог пен стилист ақысын қамтитын әлеуметтік пакет уәде етілген.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru