Бродвейде бірнеше шоу кейінге шегерілді

Коронавирус кесірінен Нью-Йоркте бірнеше бродвей шоуы кейінге қалдырылды.

Олардың арасында танымал «Аладдин» мен «Гамильтон» қойылымдары да бар. Бұдан бөлек жыл сайынғы рождестволық Рокетс ((«Rockettes»)) шоуы да толығымен жабылды. Індет салдарынан билет сатылымдары да азайып кеткен. Бұған қоса басты рольді сомдайтын әртістер де ауырып қалыпты.

Айта кетейік, танымал Бродвей шоуы ағымдағы жылдың қыркүйек айында ғана ашылған еді. Осы уақытқа дейін ол бір жарым жыл бойы жабық тұрды.