Ауғанстанда ауруханалардың жартысынан астамы жабылды

Ауғанстанда коронавирустан емдейтін 38 аурухананың 21-і жабылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Қалған 17-сі қаржылай қолдауға мұқтаж. Тәліптер билікті басып алғаннан кейін батыс елдеріндегі банктер Ауғанстанның шетелдік активтерін бұғаттап тастаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, қазір ауған еліндегі қаржы және банк төлемдер жүйесі құрдымға кетіп барады. Оны қайта қалыпқа келтіру үшін енді ондаған жылдар керек дейді сарапшылар. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық қаржы беруші ұйымдармен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады.