Киви терінің қартаюының алдын алады

Киви жемісінің құрамында микроэлементтер өте көп. Мысалы, киви С дәрумені жағынан рекордшы саналады.

Бұл дәрумен сергектік сыйлап қана қоймай, иммунитетті күшейтеді, деп жазады rosbalt.ru. Сонымен қатар еркін радикалдардың пайда болуынан қорғайтын табиғи антиоксидант саналады. Кивиді тұрақты пайдалану ағза мен терінің саулығын және әдемілігін сақтауды ұзартады.  

Бұдан бөлек аталған жемістің құрамында актинидин ферменті мен жеміс қышқылы бар, ал олар өз кезегінде ас қорытуға көмектеседі.

Кивиде К дәрумені мен калий де көп, сондай-ақ қанды сұйылтатын табиғи компонеттер де аз емес.