Чилиде жол апатынан 9 адам көз жұмды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шағын автобус қарсы бетке шыққан жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Шаруалар мінген жолаушылар көлігінде 11 адам болған. 8-і оқиға орнында, біреуі ауруханада жан тапсырды. Арасында жүргізуші бар. Апат себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Карлос Алиага, Пеумо мэрі:

- Бұл биылғы жылдың ең ірі жол апаттарының бірі. Қайғыдан қабырғамыз қайысады. Бірнеше жыл бұрын осы жолды кеңейту бойынша жақсы жоба қолға алынған еді. Бірақ жеке тұлғалар араласып, тоқтатып тастады.