Германия жаңа жылда локдаун енгізбейтін болды

Германия жаңа жылда локдаун енгізбейтін болды
RT

Бірақ карантиндік шаралар қатаңдатылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Әдетте немістер жаңа жылды Берлиндегі Бранденбург қақпасында қарсы алып, қала орталығындағы мерекелік шараға жүздеген мың адам қатысатын. Бірақ биыл барлық ойын-сауық кештерін өткізуге тыйым салынған. Отшашулар атуға да болмайды. Барлық клубтар мен би алаңдары жабылады. Ал мерекені тойлатуда 10 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Тәртіпті бұзғандарға 100 еуродан 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Шара мереке кезінде індетің өршіп, омикронның кеңінен таралуын болдырмас үшін қолға алынған.

БЛИЦ:

– Мен коронавирусқа қарсы толық егіліп, үшінші дозаны алсам да мерекені үйде қарсы аламын. Осылай қауіпсіз. Бір жағынан біз қарт адамдар шулы кештерге барып, футбол ойындарын көрмейтіндіктен, шектеулерді аса сезіп жатқан жоқпыз.

- Адамдардың бәрі коронаның қауіпті екенін біледі. Жаңа жылды шағын ортада қарсы алу жақсы болар еді. Өз басым мереке кезінде достарыммен бірге болғанды қалаймын. Өзім вакцина алғанмын. 

- Берлинге Амстердамнан келдік. Себебі бізде барлығы жабық, ешқайда бара алмайсың. Сондықтан осында келгенімізге қуаныштымыз. Жаңа жылды туыстарыммен қарсы алмақпын. Олардың 80 проценті егілген. Жалпы коронавирус тұмау сияқты өздігінен жойылып кетпес. Сол себепті егілу қажет.