Оңтүстік Кореяда роботтар көрмесі өтіп жатыр

Оңтүстік Кореяның Теджон қаласында ерекше көрме ұйымдастырылды. Жұрт роботтармен танысады. Кіру тегін, бірақ карантинге байланысты қонақ саны шектеулі, деп хабарлайды Хабар 24.

Әр келушіге ұйымдастырушылар сыйлық дайындаған. Роботтар кофе мен балмұздақ әзірлеп, келушілерге ұсынады. Бірінші залда қонақтарды Рику есімді робот қарсы алады. Құрылғы 30 000 корей сөзін біледі. Сондықтан онымен сөйлесуге болады. Бұл роботтың ерекшелігі – бірнеше камера мен сенсор арқылы адамның эмоцияларын түсінеді және оған кері жауап қайтара алады. Робот Рику келушілерге қол беріп амандасады, сонымен қатар ертегі айтып, би де билейді, ән де шырқайды.

Тағы бір робот қариялармен ойын ойнап, оларға көмектеседі.

Хо Сэ Ми, гид:

– Робот Поми 20 ойын біледі. Бұл ойындар есте сақтауды, концентрацияны және сөйлеуді жақсартып, деменцияның алдын алуға көмектеседі. Бұдан бөлек ата-әжелердің киім-кешек, тамақ, тағы да басқа сұрақтарына жауап берулері керек. Бұл роботтар үйде және қарттар үйінде қолданылады.

Ауруханаларда қолданылатын роботтар да бар. Мына бөлмеде балалар өзін денсаулық сақтау саласының мамандары ретінде сынай алады. 2019 жылы жасалған бұл құрылғы омыртқаға түсетін салмақты азайтуға көмектеседі. Шиналарды көтеруге немесе науқастарды тасымалдауға көмектеседі. Ал мына робот балаларға ауыр медициналық құрылғыларды жылжытуға мүмкіндік береді.

Пак Чи Нен, гид:

– Ауруханаларда көптеген ауыр заттар, соның ішінде дәрі-дәрмектер мен операцияларға арналған құралдар бар. Бұл робот медбикелерге көмектеседі. Мұнда 100 келіге дейін жүк тиеуге болады. Ол кітапханаларда да қолданылады. Егер оның алдында тұрып түймені бассаңыз, артыңыздан еріп жүреді.

Владислав Цой, тілші:

– Көрме дәмханада аяқталады. Мұнда роботтар жасаған кофені ішіп, балмұздақ жеуге болады. Сондай-ақ роботтармен естелікке суретке де түсе аласыз.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян