Патшайым Елизаветаның құрметіне тиын шықты

Ұлыбританияда патшайым Елизавета ІІ билігіне 70 жыл толуы қарсаңында жаңа тиындар басылып шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның құны 5 фунт болса, екіншісінің бағасы 50 пенс. Қос тиын ақшаның бірінде 70 саны көрсетілген. Ал екіншісінде британ патшайымы әулетінің таңбасы бейнеленген. Жаңа тиын айналымға 4 қаңтарда шығады.