Түрік валютасының бағамы 50 процентке құлдырады

Түркияның экономикасы шатқаяқтап тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл елде инфляция 20 процентке артып, ұлттық валюта құнсызданды. Лираның долларға шаққандағы бағамы жыл басындағыдан 50 процентке құлдырады.

– Бұған дейін бір қап ұн 100 лира тұратын. Қазір оның құны 300 лира. Әрі қарай жағдай не болмақ? Халық не істейді?

– Біз аяқ-қиім шығарумен айналысамыз. Алайда өндірісті уақытша тоқтатуға тура келді. Өйткені доллар қымбаттап, материалдардың да бағасы көтереліп кетті.