Пәкістанда жарылыстан 4 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты.

Тағы 15 кісі жарақат алды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаладағы колледждің бірінің қақпасының алдында қолдан жасалған бомба іске қосылған. Оқиға кезінде оқу орынында жергілікті исламдық партия өкілдері жиналып жатқан. Шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойынына алған жоқ. Содырлар іздестіріліп жатыр.