Колорадо штатында екі қаланың халқы өрттен эвакуацияланды

Колорадо штатында екі қаланың халқы өрттен эвакуацияланды

АҚШ-тың Колорадо штатында орман өртеніп, Супериор қаласынан 13 мың адам эвакуацияланды.

Тағы 21 мың тұрғыны бар Луисвилль қаласының азаматтарына шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Табиғат апатынан 6 адам жарақат алған. Ақпарат құралдары лаулаған жалынның түтіні қос шаһардан 30 шақырымдай жерде орналасқан штат орталығы - Денвер қаласынан көрінетінін айтады. Аймақта қатты жел соғып, отты ауыздықтауға кедергі келтіруде.

Эндрю Дивер, тұрғын:

- Басында алыстан әлсіз түтінді байқаған едім. Бірақ жел күшейіп, будақтаған түтін тез жетіп айналаны басып кетті. Қазір шұғыл жиналып, қауіпсіз жерге көшіп жатырмыз.