Киевте отшашуға мораторий жарияланды

Киев мэриясы Жаңа жыл кешінде пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салды.

Өйткені 2014 жылы елдің шығыс өңірі - Донбасста басталған соғыс әлі аяқталған жоқ.

«Сондықтан ел астанасындағы отшашу халықтың үрейін ұшыруы мүмкін әрі моральдық нормаларға сай емес» делінген мэрия сайтында жарияланған хабарламада. Отшашуға қарсы мораторий елдегі соғыс аяқталғанша созылмақ.

Атап өту керек, биліктің мұндай шешімі 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде құқық қорғаушылар тоқсанға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген.