Польша жаңа жылды коменданттық сағат жағдайында қарсы алады

Польша тұрғындары жаңа жылды коменданттық сағат жағдайында қарсы алады.

Коронавирусты жұқтырғандар санының артып, омикрон штамыннан төнген қауіпке байланысты жаңа шектеулер енгізілді.

Тәртіпке сәйкес, жаңа жыл кешінде қонақүйлер мен тауда сырғанайтын жолдар және сауда орталықтары жабылады. Өткен дүйсенбі күні жұмысын тоқтатқан мейрамхана мен дәмханаларға тыйым жалғасады. Бұдан бөлек қалаларда адамдардың көптеп жиналуына шектеу енгізілген.

Петр Конецкий, Варшава қаласы әкімшілігі денсаулық сақтау бөлімінің өкілі:

- Поляктар жаңа жылды коменданттық сағат жағдайында қарсы алатын болды. Карантиндік шектеулер қанша күнге созылатыны белгісіз. Бірақ тыйымдар қаңтардың 3-іне дейін жалғасатыны анық. Одан әрі шектеу шарасы  ауруханалардағы жағдайға байланысты шешіледі.